Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы адам саудасына қарсы жобасының үйлестірушісі Екатерина Бадикованың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның құқық қорғау орындары мен қоғамдық құқық қорғау ұйымдарының ешқайсында, Қазақстанға саудаланып әкелінетін немесе одан әкетілетін адамдардың дәл саны туралы мәлімет жоқ. Дегенмен халықаралық ұйымның адам саудасына қарсы жобасының үйлестірушісі біздің болжамды есебіміз бойынша бір жылдың ішінде, Қазақстаннан шет елдерге 5 мыңға жуық адам құлдыққа сатылады дейді.
- Сонда 5 мыңнан артық қазақстандық жыл сайын құлдықтың азабын тартады.
Қазақстаннан, шетелдерге жақсы табыс табыс табасың деген алдаумен құлдыққа түскендердің басым көпшілігі әйел адамдар. Қоғамдық құқық қорғау ұйымдарының мәліметі бойынша: негізінен оларды жезөкшелер ретінде пайдаланады. Олар баратын жерлер көбінесе Сауд Аравиясы, Израиль, Египет, Түркия сияқты елдер болып табылады. Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымның Қазақстандағы адам саудасына қарсы жобасының үйлестірушісі Екатерина Бадикова, бізге хабарласып, құлдықтан құтылған әйелдер: Қазақстанның Алматы, Астана, Өскемен, Петропавл секілді ірі қалаларында адамдарды өздеріне белгілі жолдар арқылы шетелге асыратын жасырын топтар жұмыс істейді деген ақпарат берді, - яғни бұл тұрақты құбылысқа айналып бара жатқан проблема деп отыр.
-
Менің ойымша, мұндай жасырын жолмен тұрақты түрде адам тасымалдайтын топтардың саны бізде аз емес
Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының өкілдері: Қазақстанға арзан жұмысшы күшін әкеліп, құл ретінде ұстау, Қазақстанның әсіресе, оңтүстік облыстарында жиі кездеседі - дейді. Мысал ретінде, Қазақстандағы адам саудасына қарсы жобаның үйлестірушісі Екатерина Бадикова, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданындағы Жетісай қаласында, Қазақстан азаматының, өзінде құл ретінде жұмыс істеп жатқан Өзбекстан азаматын, артынан келген оның туыстарына бұл менің басыбайлы құлым деп бермей қойғаны туралы айтты.
- Ол жігіттің туыстарына: ”неменеге келдіңдер, бұл менің құлым, оны өзім сатып алғанмын ” - деген.
Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Михаэл Чанц, адам сатып немесе оның еңбегін қанап жүрген қылмыскерлерді жауапқа тарту туралы, қазақстандық заңдарда айқын жазылмаған дейді:
-Қазақстан заңдарында адам сату мен құлдықта ұстау қылмыстарына қатысты жайлар анық емес,
Михаэд Чанцтың пікірін, адам құқы мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі Халықаралық бюроның Қазақстандағы өкілдігінің заңгері, Айна Шоршанбаева да қолдайды. Оның айтуынша, аталған қылмыстарға қатысты нақты заң болмағандықтан, құқық қорғау орындары қылмыскерлерді іске сәйкес келмесе де, қолда бар өзге заңдармен жауапқа тартуға мәжбүр.
- Біз қылмыстық кодекске адам сатуға байланысты аранйы бап енгізуді немесе АҚШ-тағы сияқты жеке арнайы заң қабылдауды ұсынып отырмыз.
“Адамды құлдықта ұстаған немесе алдап сатқан қылмыскерлер, көп жағдайда жазадан құтылып кетіп жатады” - дейді әрі қарай, Халықаралық құқық қорғау ұйымының заңгері - Айна Шоршанбаева. Оның айтуынша, 2003 жылы осындай қылмыс түріне байланысты 6 іс қозғалғанымен, оның 4 еуі ғана іздестірумен аяқталған. “Мәселен қазір мен өзім, адамдарды шетелге алдап, құлдыққа сатқан ұйымға қарсы іс қозғап жатырмын, бірақ іс тоқтап тұр, оның басты себебі біреу ғана” – дейді, халықаралық құқық қорғау ұйымының заңгері.
-
Оның бір ғана себебі бар. Ол – сыбайлас жемқорлық
Әзірге халықаралық құқық қорғау ұйымдары өздеріне хабарласқан құлдық пен адам тәнін сатудан жапа шеккендерге елдеріне оралуларына, өмірге қайта бейімдеулеріне көмек көретіп отыр.
Халықаралық және қазақстандық құқық қорғау ұйымдарының пікірінше, құлдықта болған адамдардың құқық қорғау органдарынан көмек сұраудан қашқақтауының себебі, Қазақстанда оларды қорғау механизмі қалыптаспаған. Сондықтан алдағы уақытта, қазақстанның құқық қорғау органдары мен билік орындары бұл мәселені шешуде, халықаралық және қоғамдық құқық қорғау ұйымдарымен бірігіп жұмыс істеулері тиіс - деп есептейді.