Accessibility links

АҚШ президенті Дж. Буш 2 -қарашада президент сайлауына қатысатындығы турасындағы нақты шешімін бүгін айтуы тиіс


Буштың сөзі Республикандықтардың төрт күннен бері Нью-Йоркта өтіп жатқан жиналысын қорытындылайтын болады. Сәрсенбі күні вице-президент Дик Ченей делегаттарға Буш берік шешім қабылдай алатын мықты басшы деп атап көрсетті. Ченей сондай-ақ АҚШ Ауғанстаннан Талибанды шығарды, Ираққа соғыс ашып кіргені дұрыс қадамдар болды деген. Вице-президент Демократтар тарапынан президенттіке кандидаты Джон Керри сенатор кезінде американдықтардың қауіпсіздігі үшін дұрыс дауыс берген жоқ деп айтқан. -Тарих күшті және мақсатты Америка біздің еркіндігіміз бен қауіпсіздігімізді сақтайтынын көрсетті, сенатор Керри ұлттық қауіпсіздікке қатысты қайта-қайта қателесе береді,-деген Дик Ченей. Джон Керридің өкілдері вице-президенттің мұндай сөздерін және республикандықтардың Керри туралы айтқандарын сынға алған.
XS
SM
MD
LG