Осетияның президенті Александр Дзасохов, Владикавказда рұқсатсыз өткен митингіге келген халықтың алдында республика үкіметін таратуға уәде берді. Оның хабарлауынша, алдағы сенбі күні Ресейде Бесландағы қайғылы оқиғаның жай-жапсарын тергейитін арнайы комиссия құрылады. Ресей – террористердің әлемнің кез-келген аумағындағы орныққан базаларына күйрете соққы беруге дайын... Ресей армиясы Бас штабының бастығы Юрий Балуевский бүгін осылай деп мәлімдеді. НАТО күштерінің Еуропадағы Жоғарғы бас қолбасшысы Джеймс Браунмен келіссөзінде ол соғыс қимылдары ең соңғы шара болып табылады, ядролық соққы беру туралы сөз болып отырған жоқ деп атап көрсетті.
Осетияның президенті Александр Дзасохов, Владикавказда рұқсатсыз өткен митингіге келген халықтың алдында республика үкіметін таратуға уәде берді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы