Қазақстан астанасында ТМД елдері басшыларының 2 күндік бас қосуы бүгін жалғасады. Бүгін ТМД жетекшілері Ресейдегі соңғы террористік қастандықтардың негізінде терроримзге қарсы бірлесіп төтеп беру проблемаларын талдайды. Кеше Қазақстан, Ресей, Украина және Беларуссия лидерлері дамудың “Біртұтас экономикалық кеңістігін” құрудың жай-жапсарын талдасты. Кеше, сондай-ақ, Армения мен Әзірбайжан президенттері 90-ыншы жылдардың басында екі арада 5 жылдық соғыс туғызған Таулы Қарабақ проблемасы бойынша келіссөз өткізді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы