Accessibility links

АҚШ-тың келiсiмiнсiз Қазақстан тарабы АҚШ азаматын, ал Қазақстанның келiсiмiнсiз АҚШ тарабы Қазақстан азаматын халықаралық соттың билігіне бере алмайтын болады


Қыркүйектің 16-і күні Қазақстан Парламенті Сенаты Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы халықаралық қылмыстық соттың билігіне адамдарды тапcыру туралы келісімді бекіту жөніндегі заң жобасын қабылдады.

Бұл құжатқа сәйкес Америка Құрама Штаттарының жазбаша келісімінсіз Қазақстан тарабы АҚШ азаматын, ал Қазақстанның жазабаша келісімінсіз АҚШ тарабы Қазақстан азаматын халықаралық соттың билігіне бере алмайды.

Заң жобасы бойынша баяндаған Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Мерей Уәйісов осылай деп отыр.

Аталған келісімді қарау барысында сенат депутаттары тарапынан ешқанадй сұрақ туған жоқ. Ал, «Азаттық» радиосы берген сұраққа жауабында Сенат депутаты Уәлихан Қайсаров мұндай заң жобасын қабылдауға қажеттілік бар деген ойын айтты. Оның пікірінше, заң жобасы биліктің әсерімен қабылданып жатыр. Билікте отырған біраз адамдардың елге жамандық жасағандары бар. Олар өздерінің келешегін ойлап ертең Америкада, Еуропада жүргенде тұтқынға алып, халықаралық сотқа беріп қоя ма деп содан қорқып жүр. Ал, егер осы заң жобасы қабылданса АҚШ осы құқынан айырылады. Егер Қазақстан жағынан келісім болмаса, дейді сенат депутаты Қайсаров.

Сенат депутаты Светлана Жалмағанбетованың пікірінше, мұндай заң жобасының қабылдануы Қазақстан заңдарын халықаралық нормаларға жақындатады.

Философия ғылымдарының докторы, профессор Қамалбай Марданов аталған заң жобасы бекітіліп жатса, бұл халықаралық, мемлекетаралық құқықтық қатынастарды үйлестірмек, дейді.

Аталған Келісімге өткен жылы Нью-Йоркте қол қойылыпты. Келісімді қолдану кезінде даулар туып жатса ол тараптар арасында консультациялар арқылы шешілмек екен.
XS
SM
MD
LG