Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі өкілдері бұл жолы Қазақстанның Алматы, Шымкент, Тараз және Қызылорда қалаларындағы 499 сайлау учаскелерінде 500-ден аса бақылаушылары жұмыс істегенін айтады. Өткен жолы сайлау округтеріндегі комиссия мүшелері бақылаушыларға әрнерсені сылтауратып, қорытынды хаттаманы бермесе бұл жолы олай болмады дейді олар. Дегенменде осындай аз ғана ілгері басушылық болғанымен Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі қауымдастығының төрағасы Дос Көшім бұл жолы да жүргізген зерттеулердің барлығында өрескел заң бұзушылықтарды тіркегендіктерін айтады.
Жалпы тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі өкілдерінің пікірлерінше, бұл жолы да әдеттегідей заң бұзушылықтармен қатар, өткен жолғымен салыстырғанда әсіресе сайлауға деген жұртшылықтың белсенділігі өте төмен болған.
Ал “Ақжол” партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлының айтуынша, бұл жолғы сайлаудан Қазақстанның анық авторитарлық басқарудан тоталитарлық жүйеге кетіп бара жатқанын байқадық дейді.
Бұл пікірлерге орай Орталық сайлау комиссиясына хабарласқанымызда, мекеменің аты-жөнін атамаған қызметкері бұған тек ОСК-ның хатшысы ғана жауап бере алатындығын айтты. Алайда мекеме хатшысының телефонын күні бойы ешкім көтермеді.
“Ақжол” партиясы басшылығы сайлаудың әділетсіз тұрғыда өтуінің жауапкершілігі президент Н.Назарбаев пен оның әкімшілігінің мойнында дейді.