Қазанның 21-і күні Қазақстан премьер –міністрі Таиланд королдігінің сыртқы істер міністрі Суракиарт Сатиратаймен келіссөз барысында Таиланд компанияларының Қазақстанның мұнай өңдеу саласына белсенді қатысуын сұраған. Біз едәуір жеңілдіктер ескереміз. Олар барлық компанияларға тек мұнай өндіру ғана емес, мұнай өңдеу саласында да жұмыс істеуге арқау болады, - деді Қазақстан премьер - міністрі Даниял Ахметов.
Қазақстан премьер – міністрі Даниял Ахметов Қазақстанның мұнайдан басқа да салаларды дамытуға мүдделі екендігін жеткізді. Ол Таиланд королдігінің сыртқы істер міністріне «Сіздің кезінде мұнай компаниясының басшысы болғаныңызды ескере отырып, дәл осы салада белсенді жұмыс Істеуге шақырамын», - деді.
Ал, Қазақстанның кейбір сарапшылары Таиландттан озық технологиялар алу қажет дейді. Қазақстандық саясаттанушылардың бірі Әзімбай Ғалидың да ұсынысы осыған сайды:
- Тікелей сауда қатынасы шектеулі, өйткені ара қашықтық үлкен. Бірақ, Таиландта соңғы технологиялар бар. Қазақстанда технопарктер салынып жатыр. Бірақ, олардың жарақтандыру мәселесі шешілмеген.
Территориясы жағынан Францияға тең келетін Тайланд елінде 60 миллион адам тұрады. Бұл елде конституциялық монархия билік жүргізіп келе жатқанына 200 жыл болды. Тіпті кино басталар кезінде королге арналған шағын клип көрсетіледі. Осының барлығы саяси тұрақтылыққа арқау болады дейді саясаттанушы Әзімбай Ғали:
- Жалпы, саяси тиянақтылықтан басқа, Таиландта жұмыс қолы арзан, содан кейін салық төмен.
Қазақстандық саясаттанушылардың бірі Дос Көшімнің пікірі де осыған ұқсас:
- Қытайдан гөрі солардың жасаған құрал – жабдықтарын Қазақстан алғанын қалар едім. Ал егер, дәл сондай жабдықтарды Батыс Еуропамен Америкадан алсақ, ол екі есеге қымбат болады. Тек бір мәселе бар. Мемлекеттік сатып алу жоспарын біздегі шенеуніктер пайдаланып, арзан жабдықтарды қымбатқа сатып алу бар. Бұл жемқорлық.
Айта кететін жайт, Таиланд астанасы Бангкок мэрі шенеуніктердің пара алуын тоқтату үшін жаңа әдіс ойлап тапқан. Ол күдікті деген тұлғаларға хат жазып, оларды пара алу мен ақша талап еткендері үшін, адам шошырлық жаза күтетіндіктерін ескерттеді де, есімін айтпай хат жолдап отырады екен. Бұл хаттарда шенеуніктердің қаржысы азаятындығы, қайғылы оқиғалар, тіпті өлім туралы жазылады екен. Осылайша, мэр Таиландтықтардың дінге деген сенімін пайдаланып, пара алудың күнә екенін жеткізбекші. Сенгіш шенеуніктерге дәстүрлі шаралардан гөрі қарғыс қатты әсер етеді екен. Ал, Таиланд королдігінің сыртқы істер міністрі Қазақстандағы сапарының соңында желтоқсан айында Қазақстан делегациясын Таиландта күтетіндігін айтты. Оның сөзінше, ондағы келіссөздерде көптеген салалар және ең бастысы мұнайгаз саласындағы қарым - қатынастың нақты тұстары талқыланады.