Бүгін Халықаралық бақылаушылардың тобы Украинадағы әлі толық аяқталмаған президент сайлауы – демократияның еуропалық стандарттарына лайық өтпеді деп мәлімдеді. Бұл – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтыматастық жөніндегі Ұйым, Еуропа Кеңесі және НАТО-ның бірлескен бақылаушылар миссиясының қорытындысы болды. Аталмыш топтың пікірінше, мемлекетке қарайтын баспасөз құралдары негізгі екі үміткердің бірі – премьер-министр Виктор Януковичке басым қолдау көрсетті. Украинаның Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың екініші туры 21 қарашада өтетінін хабарлады. Ресми мәліметке қарағанда, премьер-министр Виктор Янукович 40.1 дауыс, ал оның басты қарсыласы – батысшыл оппозицияның лидері Виктор Ющенко - одан 1 пайыздан да кем дауыс алған.
Халықаралық бақылаушылардың тобы Украинадағы әлі толық аяқталмаған президент сайлауы – демократияның еуропалық стандарттарына лайық өтпеді деп мәлімдеді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы