Палестинаны азат ету қоғалысының жаңа жетекшісі болып бұрынғы премьер-министр Махмұд Аббас сайланды. Ол бүгін дүние салған Ясир Арафаттың орнына отырады. Конституцияға сәйкес, Палестина парламентінің спикері Раухи Фаттух – сайлауға дейінгі 2 ай бойы Палестина автономиясының президенті міндетін атқаратын болады. Палестиндік ФАТХ қозғалысының басшылығындағы Ясир Арафаттың ізбасары Фарух Қаддуми Израильмен арадағы бейбіт келіссөзге өзінің дайын екенін, сонымен бірге, егер келіссөз сәтсіз аяқталған жағдайда, қарулы күресті де әрі қарай жалғастыра беретінін мәлімдеді.
Палестинаны азат ету қоғалысының жаңа жетекшісі болып бұрынғы премьер-министр Махмұд Аббас сайланды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы