Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Реза Азефи өткен аптада Франция, Германия және Британиямен келісілгендей бүгіннен бастап уран байытуды тоқтамыз деп мәлімдеді. Шектеулі мерзім бүгінге белгіленген жалпы. Халықаралық атом энергетика агенттігінің алқасы Иран ядролық бағдарламасының мәселесін бейсенбіде талқыламақ. Иранға шара қолдану жағдайы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне берілуі мүмкін. АҚШ Иран ядролық қару өндіріп отыр деп біледі, ресми Тегеран ядролық бағдарламамыз бейбіт мақсатқа бағытталған деп келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы