Украинаның бірден 4 дипломаты даулы президент сайлауында премьер-министр В.Януковичті қолдаған төл үкіметін украин халқының қалауын аяққа таптады деп айыптайды. Өз мәлімдемесінде дипломаттар В.Ющенко мен В.Янукович дауысқа түскен президент сайлауының екінші туры барысында Украина сайлаушылары үзіліссіз қысым мен үрейге және жаппай бұрмалаушылыққа тап болды деп атап көрсетеді. Украиндық дипломаттар елдің болашағы мен жас ұрпақтың келешегінің осылайша жермен-жексен болуына бей-жай қарай алмайтындарын айтып, сайлауды “украин халқына қарсы соғыс” деп бағалап, оның нәтижесін халықтың шынайы қалауына сәйкес қайта қарауды талап етеді. Мәлімдемеге Украинаның Вашингтондағы елшілігінің 3 заңгері мен екінші хатшысы қол қойды.
Украинаның Вашингтондағы 4 дипломаты Киевтен елдегі сайлаудың нәтижесін халықтың шынайы қалауына сәйкес қайта қарауды талап етуде
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы