Accessibility links

Шымкентте аймақтық экономикалық форум басталды


Желтоқсанның 13 і күні Шымкент қаласында Қазақстанның индустриялық-инновациялық стратегиясына арналған 4-ші аймақтық экономикалық форум өз жұмысын бастады. Бұл туралы «Азаттық» радиосына Шымкенттен хабар берген Оңтүстік Қазақстан әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Кеңесбай Исмайловтың айтуынша бұған дейінгі аймақтық экономикалық форумдарда экономика саласындағы кейбір қиыншылықтар мен проблемалар жайлы сөз болса осы жолғы форумда Қазақстан экономикасының болашағы жайлы сөз болмақшы. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі мен Қазақстан кәсіпкерлері форумы бірлесіп ұйымдастырып отырған бұл шара жұмысына министрліктердің өкілдерінен тысқары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарынан келген экономика және бизнес саласының мамандары, банктердің өкілдері қатысып отыр.

Бұған дейін осындай аймақтық экономикалық форум Ақтөбе қаласында, Өскеменде және осы қыркүйек айында Қарағандыда өтіпті. Шымкент форумы биылғы жылдағы ең соңғы форум дейді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз хатшысы Шолпан Мұқышева. Оның айтуынша форум жұмысының алғашқы күні форумға қатысушылар Қазақстанда экономикалық бәсекелестік туралы не ойлайтындықтары жөнінде пікір талас өткізді сондай ақ жалпысы Қазақстан көлемінде қандай тауар, заттар өндріледі оны кімдер өндіретіндігі туралы барлық ақпаратты орталық компьютерлік жүйеге енгізу керектігі туралы жүйелі ұсыныстар жасалған.

Шымкент қаласындағы Содби бизнес орталығының бастығы Қайрат Сүгірбековтың айтуынша бұндай экономикалық форумдарда бұрынғыдай қиыншылықтар туралы айтылмайтын болған сол секілді шымкент форумунуң алғашқы күнгі мәжілісінде Қазақстан экономикасының болашағы туралы сөз болған.

Сейсенбі күні форумға қатысушылар Шымкент қаласындағы бірқатар ірі өндіріс орындарын аралап олардың жұмыстарымен танысады.
XS
SM
MD
LG