Accessibility links

Мосулдағы жарылыс: опат болғандар саны өсе түсуде


Американдық әскерилер кеше Ирақтың солтүстігіндегі әскери базадағы жарылыс салдарынан кемінде 19 солдат опат болып, 60 адам жараланды дейді. Кейбір хабарларға қарағанда қаза тапқандар саны 22-24 болуы да мүмкін. Сунит мұсылмандарының жаугерлік Ансар-әл Сунна тобы бұл шабуыл жауапкершілгін өз мойнына алған. Америка әскерилерінің аймақтық қолбасшысы, генерал Картер Хэм мұндай әрекет Ирақтағы американдық әскерилердің қызметіне әсер ете алмайды дейді: - Бұл Мосулдағы ең бір қайғылы күн, алайда мұндай жайлар үнемі болып тұратындықтан да, солдаттар өз міндеттеріне қайта оралып, мақсаттарының толық орындалуына бар күштерін жұмсайтын болады,-дейді генерал. Парижде Франция премер-министрі Жан Пьер Раффарин Ирақта төрт айдан бері кепілдік тұтқынында ұсталып келген екі француз журналисі босатылғаны жөнінде хабарлаған. Сондай-ақ Британия премьері Тони Блэр де кеше Бағдадта болған.
XS
SM
MD
LG