Өзін өзі қорғаушы Милошевич бүгін екі сағат бойына француз медбикесі Ева Крепиннің 1990 жылдардағы Балкан соғысы кезінде сербтердің жапа шеккені туралы айтқандарын тыңдады.
Соңыра судья бұл әйелдің куәлік сөздері шындыққа оншалықты жанасыңқырамайды, өйткені ол Милошевичтің ісімен байланысты болмады деп атап көрсеткен.
Милошевичке 1990 жылдарда Хорватия, Босния, Косовода адамзатқа қарсы геноцид және соғыс қылмыстарын жасады деген 66 айып тағылып отыр. Егер бұл айыптардың барлығы да дәлелденетін болса, 63 жасар бұрынғы президентке өмірлік түрме жазасы кесілген болар еді.
2002 жылдың ақпанында басталған сот процесі Милошевичтің денсаулығының нашарлығына байланысты бірнеше рет үзіліп, қайта жалғасқан.
Бұрынғы Югославия басшысы Слободан Милошевичке қарсы сот үш апталық мерекелік үзілістен соң,қайта жалғасты
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы