Палестинаның жаңа президенті Махмуд Аббас экстремистік ұйымдардың лидерлерімен Израильге қарсы шабуылдарды доғаруға көндіру үшін келіссөз өткізеді. Кеше М.Аббас Автономияның қауіпсіздік күштеріне Израиль азаматтарына қарсы шабуылдарды тыюға бұйрық беріп, Израиль премьер-министрінің өкілі оны “дұрыс бағыттағы алғашқы қадам” деп бағалады. М.Аббастың берген бұйрығын іле-шала палестиндік “Хамас” тобы Израиль басып алған Газа аймағы мен Иордан өзенінің Батыс жағалауы толық азат етілмей, Тель-Авивпен уәжге келу мүмкін емес деп отырса, “Ислам джиһады” ұйымының лидері – “диалог арқылы дағдарысты шешуге болар” деген үмітін жасырмады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы