Ол арқылы Палестина елінің жаңа президенті Махмұд Аббас шегара аймағындағы зорлық-зомбылықты тоқтатып Израильмен өзара бейбіршілік келіссөздерін одан әрі жалғастырмақ ниетте. Хабарларға қарағанда, солтүстік Ғазадағы Беит Ханұн жане Беит Лахия қалаларындағы шегараларда палестиналық жүздеген қауіпсіздік күштері орналастырылған.
Бұл арада Израиль Рафахта Мысырмен шегаралас аудандағы өткелді жартылай ашқан. Ол жер осыдан 6 апта бұрынғы шабуылдан кейін жабылған болатын.
Палестина қауіпсіздік күштері бүгін жұмада Израиль шабуылына қарсы күресу мақсатында Ғаза жолағында әскери бекіністер орнатты
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы