Accessibility links

Хизб-ут-Таһрир: “Тәжікстан үкіметі душанбедегі жарылысты топ мүшелерін қудалауға желеу етуі мүмкін”


ДУШАНБЕ: Исламшыл саяси Хизб-ут-Таһрир (Hizb-ut-Tahrir) тобы дүйсенбі күні Тәжікстан астанасында болған автобомбаның жарылысына өзінің қатысы болғанын түбегейлі жоққа шығарып отыр. Өз мәлімдемесінде аталмыш топ терроризмді, қантөгісті немесе қарулы күрестің кез-келген түрін қолданбайтынын атап көрсетті. Хизб-ут-Таһрир тобының пікірінше, автобомбаның жарылысын Тәжікстан үкіметі оның мүшелерін қудалауға желеу етуі мүмкін. Хизб-ут-Таһрир – Орта Азияда ислам халифатын орнатуды көздейді.
XS
SM
MD
LG