Босния әскерінің соғыс кезіндегі қолбасшысы, бұрынғы генерал Расим Делич Біріккен Ұлттар Ұйымының Гаага соғыс қылмыстары сотына берілемін деп мәлімдеді. Босния әскерінде мұсылмандар басым болған. Расим Делич этникалық сербтерге қарсы соғыс қылмыстарын жасады деп айыпталады. Босния теледидарына берген сұхбатында Расим Делич мен заңды сыйлайтын адаммын, айыпты емеспін, 1992-1995 жылғы Босния соғысында болған шындықты сот алдында қорғаймын деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы