Accessibility links

Парламент сайлауы бүгін Тәжікстанда да өтіп жатыр


Парламенттің төменгі палатасындағы 63 орынға шамамен 230 үміткер бәсекеге түсіп жатыр. Бұл Тәжікстанда 1990 жылы азаматтық соғыс тоқтағалы бері осы елде өткізіліп жатқан екінші парламент сайлауы. Сарапшылардың көпшілігі сайлауды Тәжікстан президенті Имомали Рахмонов басқаратын партия ұтып алады дейді. Бұл партия парламентті онсыз да билеп отыр. Елде оған нақты бәсеке құратын бір ғана партия – Ислам Дәуірлеу партиясы парламентте екі орынға ғана ие. Басқа оппозициялық партиялардың қорлары жұпыны, ұсынып отырған кандидаттары да аз.
XS
SM
MD
LG