Оңтүстік аймақтардағы су тасқыны өршіп барады. Бүгінгі күнге дейін жалпы шығын 6 миллиард теңгеге жеткен. Мал, мүлік шығыны да аз емес. Үйсіз-к.йсіз қалғандар көбейіп барады. Наурыздың 18-і күні Даниал Ахметов бастаған үкіметтік комиссия жергілікті жердегі жағдайды көзбен көріп шешім қабылдау мақсатында оңтүстік облыстарға шұғыл аттанып кетті.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары үкіметтік комиссияның мүшесі Әміржан Кеншімевтің айтуынша, биылғы сел тасқыны салдары республика бойынша есептеліп жатыр. Делегация қазір Жамбыл облысын аралап жүр.
Жамбыл облысы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Мейрам Базарұлының хабарлауына қарағанда, сел тасқыны салдарынан Жамбыл облысында 6 мектеп пен орталық аурухана қайта жөндеуге келмейтіндей күйге ұшыраған. Жалпы шығын көлемі алдын ала есептеулерге қарағанда 2 миллиард 300 миллион теңгеге жеткен.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметкері Қайрат Тарбаев: «Бүгінгі күні Шардара су қоймасындағы су мөлшері 4 миллиард 965 миллион текше метр. Оңтүстік Қазақстан облысы Шәуілдір ауданының су басып кеткен 83 үйді көшіру жұмыстары атқарылып жатыр» дейді.
Премьер-министр Даниал Ахметов бастаған үкіметтік делегация Оңтүстік Қазақстан облысынан кейін Қызылорда облысына барады. Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі Ибрагим Әбибуллаев барлық күш селді тоқтатуға жұмылдырылған, алда әлі көп су келе жатыр, аудандағы бұған дейінгі жалпы шығын көлемі 300 миллион теңгеге жақындады деп отыр.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз хатшысы Қайрат Тарбаев: «Қалыңдығы 4-5 метрлік сең Қазалы ауданы аумағынан өтті. Ол келесі толқын жалдарына кедергі келтірмейтін болады. Бірақ дегенмен барлық су жолы бойындағы арналар мен өзен көлдерге баратын тармақтар аршылуда» дейді. Парламент мәжілісінің депутаты үкіметтік комиссия мүшесі Төлебек Қосмамбетовтың айтуынша, Отырар ауданы бойынша ғана жалпы шығын 2 миллиард теңгеге жақындаған.
Үкіметтік комиссия тек білім мекемелері, аурухана секілді қоғамдық орындарға келген зиянда есептеуде. Ал тұрғындарға көресетілетін көмек тел облыс бюджетінен емес республикалық деңгейде атқарылуы тиіс деген пікірде. Жамбыл облысы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Мейрам Базарұлы селден зардап шеккен тұрғындарға арналып есеп шот ашылғанымен қаржының түсуі мардымсыз екенін айтады. Оңтүстік облыстарға шұғыл сапарға шыққан үкіметтік комиссияның қорытындысы парламентте тыңдалатын болады.