БАҒДАД: Ирақта АҚШ әскері мен Ирақ полициясына қарсы шабуылдар толастамай тұр. Бүгін Ирақтың Мосул қалалық полициясының сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы генерал Уалид Қашмула қастандықтан мерт болды. Жергілікті үкіметтің хабарлауынша, ол полиция кеңсесіне қойылған бомбаның жарылысынан қаза болды. Кеше Ирақтың өзге қаласы Киркукта жол бойына орнатылған минаның жарылысынан 4 Ирақ полицейі қаза тапты. Бағдадта АҚШ жауынгері оққа ұшты. Әлемнің көптеген елінде Ираққа қарсы соғыстың 2 жылдығына орай соғысқа қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы