БІШКЕК: Біздің Қырғызстандағы тілшіміздің хабарлауынша, ереуілге шыққан халық Ош қаласындағы облыс пен қала әкімшіліктерін, милиция кеңсесін және әуе жай мен жергілікті теледидарды басып алды. Оппозиция жетекшілерінің бірі Роза Отынбаева “Азаттық” Радиосына құқық сақшыларының оппозиция қатарына қосылғанын хабарлады: “Құқық сақшылары оппозиция жағына өтті. Кеше Жалалабадта олар жаппай оппозиция қатарына өтті. Милиция қызметкерлері, оның ішінде жоғары шенді басшылары милиция киімін ауыстырып, біздің қатарымызға келіп қосылды. Осылайша біз зор қолдауға ие болдық”, -деп мәлімдеді Р.Отынбаева. Олар таяуда болып өткен парламент сайлауының нәтижесін жойып, жаңа сайлау өткізуді және президент А.Ақаевтың биліктен кетуін талап етуде. Елдің оңтүстік облыстарына басқа аймақтардан әскери күштер тартылып жатыр. АҚШ пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қырғызстанның жанжалдасушы жақтарын келіссөзге отыруға шақырады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы