Accessibility links

Ақаев: "Мен президенттіктен кетудің себебін көріп тұрған жоқпын"


Бішкекте өткен аптада болған төңкерістен кейін елден қашып кеткен Асқар Ақаев өзінің әлі де Қырғыз президенті екенін және қызметтен кету үшін ешқандай себеп көріп тұрмағандығын айтқан.

Ақаев бұны бүгін "Эхо Москвы" радиосына берген тікелей эфир сұхбатында мәлімдеген. Ақаев мен орнымнан кеткім келмейді деген. Ақаев мұнымен бірге өзінің қазір Ресей астанасына жақын маңда тұрғанын айтқан.

Өткен аптаның бейсенбісінде Қырғыз оппозициясының қолдаушылары Бішкекте үкімет үйін басып алғаннан кейін, көзге түспей жоқ болып кеткен Асқар Ақаевтың осыған дейін қайда екендігі белгісіз болып келген еді.
XS
SM
MD
LG