“Город” басылымында жарық көрген мақалада Қырғызстандағы орын алған төңкерістен кейін Алматыда тамақ өнімдері мен киім-кешек тауарларының қымбаттай бастағаны айтылыпты. Газет тілшісінің жазуынша, екі елдің арасындағы шекараның жабылуы Қырғызстан мемлекетінен тауар әкеліп жүрген саудагерлердің үлкен алаңдаушылығын туғызған.
Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, осы уақытта шейін тамақ өнімдерінің көбісі Қырғызстан мемлекетінен әкелінетіндіктен олардың бағасы да едәуір арзан болып келген. Шекара жабылғаннан бері тамақ өнімдерінің бағасы қымбаттай бастаған.
Сондай-ақ, Алматы базарларында қытай тауарларымен салыстырғанда анағұрлым сапалырақ болып саналатын Қырғызстаннан әкелінетін киім-кешек тауарлары да таусылуға айналған. Мақала авторының айтуынша, Қырғызстандағы төңкерістен кейін Алматыдағы қырғыз тауарларының бағасы едәуір қымбаттаған.
“Комсомольская правда” газетінің “Қазақстан” қосымшасы және “Заң” газеттері Қазақстан Республикасы Парламенті “Сайлау туралы” конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдағанын хабарлапты.
Парламент қабылдаған заң бойынша ендігі уақытта ресми түрде сайлаудың нәтижесі жарияланғанға шейін шеру өткізуге тиым салынады. Көптеген депутаттар бұл тиым салуды Қырғызстандағы төңкеріспен байланыстырып отырған көрінеді. Алайда әділет министрі Оңалсын Жұмабеков мұндай шараның сайлау комиссиясы мен мемлекеттік ұйымдарға қысым жасамау үшін қажеттілігін атап өтіпті.
“Егемен Қазақстан”, “Экспресс К”, “Казахстанская правда”, “Айқын” басылымдарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы азаматтық қоғам мәселері жөніндегі ұлттық комиссияның мәлімдемесі жарық көріпті. Аталмыш мәлімдемеде елдің саяси жүйесін одан әрі жаңарту қоғамды ырықтандыру мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуде елеулі нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету керектігі аталып өтіпті. Мәлімдемені жазушылар Қазақстанның саяси партияларын, қоғамдық қозғалыстары мен барлық азаматтарын осы процеске қосылуға шақырыпты.
Бұл тақырыпқа айрықша назар аударған “Айқын” басылымында Демократиялық мәселелер жөніндегі ұлттық комиссияның аясында жаңадан “Саяси реформалардың бағдарламасын бүкілхалықтық талқыға салу жөніндегі” деп аталатын жұмысшы топтың дүниеге келіп, оның тізгінін сенатор Әбш Кекілбаевтың қолға алғандығы хабарланыпты.
“Аргументы и факты” газетінің “Қазақстан” қосымшасы болса Қарағанды шахтерларының 1 мамыр күні айлықты көтеріп және әлеуметтік көмекті көбейтуді талап етіп жаппай шеру өткізуді жоспарлап отырғандығын хабарлапты.
Мақала авторының айтуынша, “Миттал Стил” акционерлік қоғамының қожайыны Лакшми Миттал көмір өндірудің азайтылғандығына байланысты шахтерлардың айлығын азайту туралы шешім шығарған. Міне осындай қадам шахтерлар мен компания басшылығының арасындағы теке-тіреске әкеліп отыр.
“Литер” басылымы болса ағылшын жұмысшыларының қарағандылық шахтерларға демеу көрсету мақсатында Лондонда “Миттал Стил” компаниясының офисінің алдында шеру өткізуді жоспарлап отырғандығына тоқталыпты. Британ кәсіподағы Конгресінің Халықаралық байланыс жөніндегі жауапты қызметкері Ник Кларк егер де әкімшілікпен келіссөз жүргізу барысында қарағандылық шахтерлардың еңбек ақысы көтерілмесе, олардың британдық әріптестерінің халықаралық жанжал шығаратындығына уәде берген.
Ағылшындар осыған орай плакаттар мен транспоранттарды және 5 желтоқсан күні шахтада қаза тапқан 23 жұмысшының суретін жіберуді өтініпті. Ник Кларк бұл наразылық акциясына Польша, Румыния, Чехиядағы “Митталь Стил” кәсіпорнында істейтін жұмысшылардың қосылатындығына уәде беріпті.
Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, Англиядағы сайлау барысында Лакшми Миттал лейбористердің сайлау компаниясына 125 мың фунт стерлинг қосқан, ал партияның жеңісінен кейін премьер-министрі Тони Блэр Румынияның премьер-министрі Адриан Нэстеске Лакшми Миттал тобының ұсынысын қолдайтындығын білдіріп хат жазған.
Міне осы оқиғадан кейін Лакшми Миттал аз ғана уақыттың ішінде жағымсыз кейіпкерге айналып шыға келген. Ал, Ангиялда қазақстандық кеншілердің “Миттал Стил Теміртау” компаниясының басшылығына наразылық білдіріп жатқандығын естігеннен кейін, лейбористер партиясының депутаты Джон Манн Қарағанды шахтерларын қолдау жөнінде ұсыныс жасаған.
“Жас Алаш” басылымының соңғы санында американдық “Форбс” журналының Лакшми Митталды әлемдегі ең ірі бай адамдардың бірі ретінде атап өткендігін хабарлапты.