Accessibility links

Ақаев парламентке барып, қызметімнен түскім келеді дейді


Асқар Ақаев кеше "Азаттық" радиосының Қырғыз және Орыс редакцияларына жеке-жеке сұхбат беріп, Қырғызстан парламентіне келіп, президенттік қызметімнен түскім келеді деп мәлімдеді. Ақаев екі шарт қойып отыр: өзіме және отбасыма қауіпсіздік кепілдігі берілсін, барлық жағдайда Қырғызстан Конституциясы мен заңдары сақталсын дейді.

Қазір Ресейден баспана тапқан А.Ақаев Қырғызстаннан наурыздың 24-күні қашқан еді, ол күні Бішкекте ереуілшілер үкімет үйін басып алған болатын. Қырғызстан уақытша президенті Құрманбек Бақиев егер Ақаев елге қазір оралса ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнуі мүмкін, сондықтан Ақаевтың сыртта жүре тұрғаны жөн деді.
XS
SM
MD
LG