Жаңа оқу жылынан бастап Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының түлектері қос дипломды қатар алып шығады. Институт бітіруші түлектер таңдаған мамандығымен қоса, шет тілі немесе информатика пәнінің маманы болады. Мұндай тәжірибе Қазақстан бойынша алғаш рет енгізілгелі отыр. Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Қырықбай Алдабергенов оқу орнында бұндай тәжірибені жүзеге асырудың барлық мүмкіншіліктерінің бар екендігін айтады:
- Біз қазір республикада компьютерлік сала бойынша алдыңғы қатардамыз. Сондай-ақ, шет тілдерін игертуде де мүмкіндік басым.
Институт басшыларының айтуынша, шет тілдерін меңгерудің инновациялық технологиялары енгізіліп, лингафондық лабораториялар кәсіби деңгейде жабдықталған, студент жастардың екі мамандықты қатар алып шығуына жағдай қарастырылған. Егер студент бір саланы толық меңгеріп шығуға мүмкіндігі жетпей жатса, қосымша дәріс алу жағын да қарастыруға болады дейді институт ректорының кеңесшісі Тасболат Хасенұлы:
- Мысалы, биолог, химик немесе физиктерге ұсынып отырған екінші мамандық - шетел тілі немесе информатика. Бұл екі мамандық әркімнің өзі үшін де қажет. Егер білім сапасына әсер етіп, 4 жылда студент екінші саланы меңгере алмай қалса, қалған жарты жыл немесе бір жылын сырттай да бітіртуге болады.
Мұндай тәжірибеге студенттердің 3-ші курстан бастап қатысуына мүмкіндіктері бар екен. Динара есімді психология және педагогика факультетінің 4-ші курс студенті екі бірдей мамандықты алып шығудың студенттер үшін тиімді екендігін айтады. Динараның соңғы курсы қалғандықтан ол бұл тәжірибеге қатыса алмайтындығына өкінеді:
- Мен мұндай жобаның іске асатынына қуанамын. Алайда, өзім 4 курста оқып жүргендіктен қатыса алмаймын.
Ал 2 курс студенті Райхангүл мұндай жобаны қуана қабылдайтынын білдірді. Ол екі саланы бірдей меңгеріп шығуға бар күшімді саламын дейді.
- Менің ойымша бұл бүгінгі таңда өте өзекті мәселе ретінде көтеріліп отыр. Өйткені, қазір ауылды жерлерге терең білімді маман баруы қажет. Сондықтан, маман екі саланы меңгеріп, шет тілін біліп жатса жақсы болар еді деп ойлаймын.
Институттың ғылыми жобалар жөніндегі проректоры Қырықбай Алдабергенов қос мамандықты қатар игертіп, екі диплом беру жөніндегі бастамаларын Білім және ғылым министрлігінің қолдап отырғандығын айтады.
- Өткен жолы аттестация болып, жоғары бағаға ие болдық. Сол кезде осы мәселе көтеріліп, рұқсат алдық. Біздің осы бастамамызды Білім және ғылым министрлігі қолдады.
Ал Білім және ғылым министрлігі Республикалық комиссия тарапынан қолдау болса, бұл жобаның іске асуы мүмкін дегенді айтып отыр.