Accessibility links

Түркия премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоғанның Израильге екі күндік сапары басталды


ИЕРУСАЛИМ: Түркия премьері Израиль басшысы Ариель Шаронмен кездесті. Екі елдің премьерлері бұл сапар Таяу Шығыста бейбітшілік орнату процессіне жәрдем береді деп мәлімдеді. Ердоған, сондай-ақ, Израиль президенті Моше Кацавпен кездесті. Бұл кездесуден соң, Израиль президенті аймақтағы жағдай өзгеріп жатыр деді.

- Бұдан он жыл бұрын Таяу Шығыс мұндай емес еді. Қазір жағдай өзгеріп жатыр. Менің ойымша, аймақтағы халықтың өркендеуі үшін Түркия, Израиль және Таяу Шығыстағы конструктивті, рациональды күштер бірге ынтымақтасып, Таяу Шығысты жаңадан құруы керек, - деп атап көрсетті Кацав.

Бүгін Түркия премьер министрінің Рамаллада Палестина басшысы Махмуд Аббаспен кездесуі жоспарланған.
XS
SM
MD
LG