НЬЮ-ЙОРК: Бүгін БҰҰ-ының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ядролық қаруды таратпау туралы Шарт бойынша конференция ашылады. Шамамен 190 елдің өкілдері осы Шарттың орындалу барысын әрбір 5 жыл сайын саралайды. Қазір сарапшыларды Шарттан 2003 жылы шыққан Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы және жуырда уранды байыту бағдарламасын қайта қолға алуы мүмкін екенін мәлімдеген Иран әсіресе алаңдатып отып. Әлемнің көптеген елі ең ірі ядролық мемлекеттердің қарусыздану туралы уәделерін тым баяу орындап жатуына наразылық білдіруде.
Көптеген ел ірі ядролық мемлекеттердің қарусыздану туралы уәделерін тым баяу орындауына наразы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы