Accessibility links

АҚШ Әндіжандағы қантөгісті тергеуге шақырады


ВАШИНГТОН. Америка Құрама Штаттары жаңадан Өзбекстан үкіметін Әндіжандағы оқиғаларды тәуелсіз түрде тергеуге және елде реформалар жүргізуге шақырды. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучер Өзбекстанның шығысында құқық қорғаушылардың тұтқындалғанына алаңдаушылығын білдірді.

- Біз үкіметтің белсенділердің аузын жабу үшін, оларды қорқытып тұтқынға алып жатқанына алаңдаушылығымызды білдіреміз. Оқиғалар туралы шынайы ақпарат білу үшін сөз бостандығы өте маңызды екенін тағы да айтамыз. Біз Өзбекстан үкіметін журналистердің, БҰҰ-мы өкілдерінің, гуманитарлық қызметкерлердің Әндіжанға баруына және адамдарға көмек көрсетуіне мүмкіндік беруге шақырамыз, - деді Баучер.

Хабарланғанындай, Өзбекстанның шығысындағы қантөгіске қатысы бар деген күдікпен 97 адам тұтқындалды. Қамауға алынған құқық қорғаушылардың арасында Саиджахон Зайнабитдинов та бар. Баучердің айтуынша, тұтқынға алынғандардың ешқандай қылмыстық істері болмаса, онда олар босатылуы тиіс. Баучер, сондай-ақ, Вашингтонның, НАТО, БҰҰ-мы, Еуроодақ, Европадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өкілдерімен бірге Өзбекстандағы жағдайды талқылап жатқанын айтты.
XS
SM
MD
LG