Accessibility links

Бүгін Бағдадта Ирақ парламентінің мүшесі, жасы 87-дегі депутат Дхари Әли әл-Файад өз ұлы және 3 кежеуілімен бірге бомба жарылысынан қаза тапты


Файад парламенттегі жасы ең үлкен депутат болатын. Қаңтар айында алғашқы кезде парламентке төрағалық та еткен. Жарылысты көргендердің бірі әл-Мусави былай дейді:

- Таңертең шейх үйінен шығып, жұмысқа бара жатқан кезде Ұлттық Ассамблея қасында терроршы көліктегі бомбаны жарып, Файадты ұлымен қоса опат етті.

Ал Бағдадтың оңтүстігіндегі Мусаиб ауруханасында бір жанкешті өзімен бірге тағы да 3 адамды бомбамен жарып өлтірген. Ирақ бас министрі әл-Жафаридің айтуынша, қауіпсіздікті орнату үшін тағы да 2 жылдай уақыт қажет.
XS
SM
MD
LG