Әскерилер тікұшақ апат ұшырағанда оның бортында қанша адам болғандығын айтпаған. Қазір апаттың себептері тергеп-тексерілуде.
Әскерилер тікұшақ АҚШ күштері партизандарға қарсы шабуыл жүргізіп жатқан аймаққа қосымша жасақтар әкетіп бара жатқан еді деген. Тікұшақ батыстағы Асадабад қаласы маңында, Пәкістан шекарасына жақын жерде құлаған.
Басқа да хабарларға қарағанда, кеше Ауғанстанда бір полиция жетекшісі мен тағы да төрт адам жарылыста қаза тапқан. Құрбан болғандар арасында Кунар провинциясындағы Саркано ауданының полиция басшысы мен оның екі ұлы болған.