ТАШКЕНТ. Өзбекстанның жаңа ресми деректеріне қарағанда, мамыр айында елдің шығысында орын алған қантөгісте өлгендердің саны 187-ге жеткен. Қаза болғандардың көбі террористер дейді ресми Ташкент. Дүйсенбі күні Өзбекстан үкіметі шетел дипломаттарын Әндіжанға шақырған болатын. Әндіжанға барған делегацияның құрамында Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан және Орта Азия елдерінің өкілдері болған. Хұқық қорғаушылардың айтуынша, Әндіжанда үкімет күштері жүздеген бейкүнә адамды атып өлтірген. Президент Ислам Каримов ол толқуларға исламшыл экстремистердің қатысы бар дейді. Батыс елдері Әндіжандағы қантөгісті халықаралық тәуелсіз түрде тергеуге шақырған болатын, бірақ Каримов бұған жол бермей отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы