БАҒДАД. Ирақта АҚШ-тың 11 жауынгеріне тұтқындағы партизандарды зорлап-жәбірледі деген айып тағылып отыр. АҚШ әскерилерінің мәлімдемесінде нақты не болғаны ештеңе тәптіштеп айтылмай, бірде-бір тұтқынның дәрігерге сұранбағаны атап көрсетіледі. АҚШ жауынгерлеріне қарсы әлгі айып келіп түскен шағым негізінде тағылып отырған көрінеді. Одан бұрын Әбу-Грайб түрмесіндегі Ирақ тұтқындарын жәбірлегені үшін бірнеше АҚШ жауынгері сотталып, өзгелері басқа жазаға тартылған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы