Accessibility links

Иран мен Ирақ 1980/88 жылдардағы соғысты ұмытып, өзара қатынастың “жаңа дәуірін” бастайды


ТЕҺРАН. Бүгін Ирақтың премьер-министрі Ибраһим Әл-Жафаари Иранға тұңғыш сапарының барысында терроризмге қарсы күресте, қайта құру және сауда мен экономика салаларындағы Иран-Ирақ бірлескен жұмыс топтарын құру жөнінде ресми Теһранмен уағдаластыққа қол жеткізгенін хабарлады. Оған қоса Иран Бағдадқа 1 млрд. долларды құрайтын ұзақ мерзімді несие бөледі. Теһран мен Бағдад, сондай-ақ, 1980/88 жылдардағы екі арадағы қырғын соғысты ұмытып, Әл-Жафааридің осы сапарын екі жақты қраым-қатынастың жаңа дәуірі ретінде қарастыруға келісті. Иранның сыртқы істер министрі Камаль Харрази осы соғыс кезіндегі Ирақ лидері С.Хусеинді Иранға қарсы қылмысы үшін де жауапқа тартуға шақырды.
XS
SM
MD
LG