Қазақстанның Жоғарғы Соты Жамбыл облыстық соты шығарған үкімді күшінде қалдыру туралы шешімге сәйкес әзірге ешқандай түсініктеме бермей отыр. Белгілісі - бұл істі Жоғарғы соттың судьясы Николай Мамонтов қараған. Біз хабарласқан, Жоғарғы Соттың баспасөз қызметкері заңгер Айгүл Елубайқызы тек ресми мәлімдемемен ғана шектелді:
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Жамбыл облыстық сотының үкімін күшінде қалдыру туралы шешім қабылдады».
Тараз қаласының тұрғындары Ділмұрат Шаюсупов пен Ринат Сұлтанғазиев үстіміздегі жылы, “Әл-Қаида” халықаралық лаңкестік ұйымының өкілдерімен байланыс жасап, Отанын сатқан деп айыпталған болатын. Олардың үстінен болған сот наурыз айында жұртшылықтан жабық жағдайда өткен еді. Жамбыл облыстық сотының үкімінде айыпталушылар лаңкестік ұйымға қатысы бар Араб әмірліктерінің азаматтары болып табылатын жандардан бейнекамера, автокөлік және 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақша алған делінген. Аталған іс бойынша түсініктеме беруін сұрап хабарласқан «Азаттық» радиосының тілшілеріне Жамбыл облыстық сотының судьясы Дүйсенбек Қаскенов жауап беруден бас тартты: «Мен сізге ештеңе айта алмаймын. Ешқандай мәлімет бермеймін».
Жамбыл облыстық прокуратурасының қызметкері Жасұлан Әділбайұлы ұсталған екі азаматқа заңсыз есірткі және қару сақтағаны үшін деген де айыптар тағылып отырғанын жеткізген болатын.
“Әл-Қаидаға” қатысы бар делінген адамдармен байланыс жасаған. Екеуіне де “мемлекетке опасыздық жасау” туралы 165-ші бап бойынша айып тағылып отыр және ұсталған кезде біреуінен героин табылған, екіншісінен екі граната табылған».
Бірқатар саясаттанушылар мен құқық қорғаушылар Қазақстанның екі азаматын заңның мұндай ауыр бабымен қатаң жазалаудың дұрыстығына күмән келтіріп отыр. “Адам құқықтарын қорғау және заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро” қоғамдық ұйымының жетекшісі Евгений Жовтис “Әл-Қаидамен” байланыс деген нақты террорлық қызметпен айналысу дегенді білдіреді, сондықтан “Әл-Қаидаға” қатысы бар делінген адамдармен байланыс жасаған деген айыппен қатаң жазалау ақылға онша сия қоймайды деген пікір білдіреді.
«Бұл террорлық әрекет көрініс тапқан қылмыс болып табылады, ол үшін Қылмыстық Кодекстің арнаулы баптары бар, ал табылған есірткі мен қаруға байланысты оларды заңсыз қару және есірткі сақтағаны үшін деген баптармен соттауы керек еді. Тіпті, олардың «Әл-Қаидамен» байланысы анықталған деген күннің өзінде оларды Отанын сатқаны үшін деген баппен соттау түсініксіз көрінеді».
Ал “Қазақстандық тәуекелдерді бағалау тобының” жетекшісі, Қазақстан мен Орталық Азиядағы лаңкестік ұйымдар мәселесімен айналысатын маман Досым Сәтпаев, бұл істі өз беделдерін көтеру үшін Қазақстанның арнаулы қызмет орындары ұйымдастыруы мүмкін деп санайды.
«Бір адамды заңсыз қару сақтағаны үшін деп айыптау күнделікті іс, ал Отанын сатты деген айыппен ұстау, сөз жоқ, үлкен мәселе. Бұл қауіпсіздік қызметтерінің мәртебесін көтереді. Менің ойымша, бұл жерде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекетке опасыздық жасалды деген пікірі барлық мүдделі тараптар үшін басты орында тұрған тәрізді».
Досым Сәтпаев істе көрсетілгендей «Әл-Қаида» ұйымымен байланыс жасаған деген тұжырыммен келіспеуге де болатындығын айтады.
“Әл-Қаида” деген ұйым жоқ. “Әл-Қаида” деген бұл - әлемнің түкпір-түкпіріндегі терроршыл ұйымдардың жалпылама атауы. Сондықтан, бір жағынан алып қарағанда, Қазақстанның екі азаматын нақты “Әл-Қаидамен” байланыс жасаған деп айыптау, шындыққа сәйкес келе бермеуі мүмкін», - дейді сарапшы.
“Адам құқықтарын қорғау және заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның” жетекшісі Евгений Жовтис, “Отанға опасыздық жасады” деген айыптың астарында, Қазақстандық билік орындарының белгілі бір топтарға жасаған ескертуі жатыр деп есептейді:
“Әл-Қаидамен” байланысқан азаматтарды соттау процесін билік әдейі қолдан жасап отыр деп ойлаймын. Осы арқылы мемлекет лаңкестік пен экстремизмнің кез-келген көрінісімен еш ымырасыз күресетіндігін көрсетіп отыр.
Қазақстанның Жоғарғы Соты мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған Ділмұрат Шаюсупов пен Ринат Сұлтанғазиевтер үшін өздері шағымдана алатын соңғы орын болатын. Жамбыл облыстық соты олардың әрқайсысын 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім еткен болатын.