Мотоцикл мінген бір адам қызмет кеңсесінен шығып келе жатқан Моғадасиді атып кеткен. Әзірге ешкім бұл оқиғаға орай тұтқындалған жоқ. Саяси жоғары мәнге ие небір істерді жүргізгені үшін соңғы жылдары Моғадаси атақты болып кеткен екен. Журналист Акбар Ганжидің 2001-ші жылы сотталуына және Нобель сыйлығын алмас бұрын Ширин Ебадидің бірнеше күнге түрмеге жабылуына осы заң қызметкерінің тікелей қатысы болған. Бұл жолғы қаза себебі әлі айқын болмай тұр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы