Accessibility links

Әзірбайжанның Нахичевандағы халықтық майдан партиясы жетекшісі аймақтық әкімшілікті өз кеңсесіне шабуыл жасағандықта айыптады


Асаф Құлиевтің тілшімізге айтуынша, темір кеспелерімен қаруланған 25 шақты беймәлім біреулер партияның Нахичевандағы кеңсесіне шабуылдаған. Партия белсенділерін таяққа жыққан. Жихаздарды қиратқан.

«Өткен түні олар қабырғаға Әзірбайжан халықтық майдан партиясы Арменияның мүддесін қорғайды, деп жазып тастады. Олардың бір тобы партияның Нахичевандағы штабын талқандады, кісілер жарақат алды», - деді Асаф Құлиев.

Бірақ, жергілікті әкімшілік бұл жағдайға түсініктеме бермеді. Әзірбайжан әкімшілігі қарашаның 6-сында өтетін парламенттік сайлау алдынан оппозицияға қысым жасауды күшейте бастады.
XS
SM
MD
LG