«Егемен Қазақстан» басылымы өзінің сенбілік санында тілші Айнаш Есалидің «Азияның сенім-күші» деген тақырыппен жазған мақаласын жариялапты. Мақала авторы Алматыда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің арнайы жұмыс тобы мен аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырыстары, осы отырыстарда қабылданған шешімдер мен құжаттарға тоқталыпты. Газет тілшісінің жазуынша аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырысын қорытып сөз алған Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Шәкіров үш күн бойы арнайы жұмыс тобы кеңес хатшылығы туралы ережені әзірлегенін, хатшылықты 2006 жылғы болатын екінші саммитке дейін құру керек деген ортақ пікірге келгенін мәлімдепті. Сондай-ақ, ол алдағы 2006 жылдың басынан АӨСШК пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасында қарым-қатынас байланысты болдыруға қатысты кездесулердің өтетіндігін хабарлапты.
Ал «Айқын» газеті де өзінің сенбілік санында осы тақырыпқа тоқталыпты. Газет тілшісінің жазуынша Азия құрылығында тұрақтылық пен бейбітшіліктің болуын алғаш ұсынған Қазақстан ұсынысымен жүзеге асып жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің маңызы үлкен болмақ. Бұған дейін Кашмир аймағы үшін өзара бір келісімге келе алмаған Үндістан мен Пәкістан екеуі де осы кеңеске мүше болып ілескен соң ақ татулыққа бет бұрды деп жазады газет тілшісі Кәмшат Сатиева. Ал кеше ғана АСЕАН елдері ұйымының бас хатшысы Онг Кенг Йонг Индонезия астанасы Жакартада Қазақстан елшсісін қабылдап АСЕАН елдері Қазақстанды Орталық Азиядағы әлеуетті стратнгиялық әріптесі ретінде санайтындығын айтты, ал қәзіргі уақытта АСӨШК форумына 17 мемлекет мүше болса 5 мемлекет бақылаушы мәртебесіне ие болып отыр деп жазады «Айқын» газеті.
«Жас Алаш» газеті өзінің сенбілік санында оппозиция белсенділерінің бірі, «Өз үйімізді қорғайық» атты қоғамдық комитет құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Маржан Аспандиярованың Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке жазған ашық хатын жариялапты. М.Аспандиярова бұл хатты аурухана төсегінен жолдап отырғанын айта келе, әкім қабылдауын сұрап әкімшілік үйі алдына барған бір топ әйелге қарсы полиция күш жұмсап, кейбірін қамауға алғанын, ал өзі секілді бірнеше әйелдің түрлі жарақат алып, осылай ауруханаға түскенін жазыпты. М.Аспандиярова өз хатында «бірі жатақханасынан қуылып, бірі жерінен айырылып қиындық көріп жатқан бұл әйелдерге қарсы күш жұмсау сіздің ғана қолыңыздан келгеніне көзіміз жетті, сондықтан сіз шындықпен бетпе-бет келуге дәрменіңіз жетпесе, онда отставкаға кеткеніңіз жөн» деп аяқтапты.
«Эпоха» басылымы да тамыздың 2-сі күні Алматы қалалық әкімшілік үйі алдында болған наразылық шеруіне қатысушы 12 адамның полиция тарапынан ұсталып, Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне апарылғанын, онда 9 сағат бойы сұраққа алынып, ақыры екі күннен соң қалалық ауданаралық әкімшілік соты оларға 1000-1500 теңге айыппұл салғанын, «Әділеті Қазақстан үшін» қозғалысының мүшесі Жанат Есентаевқа 5 тәулік абақтыға қамау жазасы бергенін, ал Қалқамандағы №7-ші аурухананың нейрохирургия бөлімінде басынан және бүйрегіне алған ауыр соққыдан қозғалуға шамасы келмей жатқан М.Аспандиярованың палатасына екі полиция қызметкері күзетке қойылғанын жазыпты.