Қырғызстан үкіметі Өзбекстаннан арзан газ сатып алу жөнінде келіссөз сәтсіз аяқталды, биылға қажет газды Қазақстаннан сатып алатын болдық деді. "Қырғызгаз" мемлекеттік компаниясы бастығының орынбасары Құбанычбек Жүсіпов Қазақстанға бір текше метр газға 43 доллар ұсынып отырмыз, бұл Өзбекстанға төлейміз деген бағадан бір долларға көп деді. Өзбекстан келесі жылдың тамыз айына шейін газ сату келісімін орындаудан бас тартты. Қырғызстан Әндіжан көтерілісінен кейін жүздеген өзбек босқынына баспана беріп еді, екі ел арасындағы газ саудасы бұзылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы