Бұл мәселені бас прокурор Әзімбек Бекназаров көтерген. Айдар Ақаев наурыздағы үкіметтік төңкерістен кейін ата-анысымен бірге Мәскеуге қашып кеткен болатын. Содан бері ол Парламенттің есігін ашпаған. Ақаевтар отбасының сыбайлас жемқорлығы жөніндегі мәліметтер жұрттың бұрынғы үкіметке деген ашу-ызасын қозғап отыр. Соңғы сәтте Бішкектен алынған хабарға қарағанда, Ұлттық банк басшысы Ұлан Сарбанов та сыбайластық қылмыста айыпталып, қазіргі кезде үй тұтқынында отыр екен.
Қырғызстан парламенті елдің бұрынғы президенті А.Ақаевтың ұлы депутат Айдар Ақаевтың коррупцияға қатысы бары жөніндегі айыптаманы тексеріп, зерттейтін арнайы комитет құрып отыр
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы