ТАШКЕНТ. Мамырдың 13-күні Әндіжанда орын алған қанды оқиғаларға байланысты сотқа тартылған 15 айыпталушының біреуі оған тағылған айыптарды мойындады. Айыпталушы Муидин Собировтың айтуынша, ол Әндіжандағы көтеріліс үшін әскери жоспар дайындаған және оны ұйымдастырушылар шетелден қаржыландырылған. Бірақ Собиров ешқандай елді атаған жоқ, ол бұл туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді. Собиров өзі және оның серіктері Өзбекстанда Ислам мемлекетін құруды қалай жоспарлағандарын және жауынгерлер Қырғызстандағы лагерлерде қалай жаттықтырылғандарын түсіндірді. Сейсенбі күні сотың ашылуында Собиров және сотталып отырған 14 айыпталушы көтеріліске қатысқандарын мойындады. Ресми Ташкенттің айтуынша, Әндіжанда 187 адам қаза тапқан, бірақ құқық қорғаушылар үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан, оның салдарынан жүздеген бейкүнә адам құрбан болған дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы