Accessibility links

В.Путин Балтық теңізінің табанымен Германияға қарай тартылатын газ құбырының құрылысына бүкіл Еуропаны атсалысуға шақырды


ЛОНДОН. Ресей мен Еуроодақ басшыларының кезекті бас қосуына қатысу үшін бүгін орыс президенті В.Путин Лондонда жүр. Келіссөздің барысында Ресейдің мұнайы мен газын Батысқа экспорттау мен екі жақты сауда қатынасын кеңейту, терроризм мен заңсыз есірткі саудасына және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі өзара ынтымақтасу мәселелері талқыланбақшы. Дүйсенбі күні Бельгияға сапарының барысында В.Путин Польша мен Украинаны айналып өтіп, Балтық теңізінің табанымен Германияға қарай тартылатын газ құбырының құрылысына Еуропа елдерін атсалысуға шақырды. Оның айтуынша, бұл газ құбырын тартудың ешқандай саяси астары жоқ, газ экспортын тұрақтандыру үшін ғана керек көрінеді. Мәскеу мен Брюссель Иранның ядролывқ бағдарламасы маңайындағы дағдарысты да талқылауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG