“Сөз Республика” газетінде белгілі оппозиция басшыларының бірі Ғалымжан Жақияновпен кездесу үшін Шідерті түрмесіне барған журналистерді колония басшылығының оған жібергісі келмегендігі туралы айтылыпты. Автор өз мақаласында Ғалымжан Жақияновтың түрмеде отырғанына үш жарым жыл толғандығына тоқталып, Заң бойынша оның мерзімінен бұрын шығуы тиіс екендігіне қарамастан, ресми биліктің оппозиция басшысымен кездесу тәртібін қайта керісінше қиындатып жібергендігін тілге тиек етіпті. Мақала авторының айтуынша, Шідертіге арнайы келген журналистерге оппозиция басшыларының бірі Ғалымжан Жақияновпен арнайы әзірленген 15 шаршы метр үйде сөйлесуге рұқсат берілген. Ғалымжан Жақияновтың өзі болса, газет тілшісіне берген сұхбатында колония басшылығының өткен жылдың ортасынан бастап, кездесу тәртібін қиындатып жібергендігін хабарлапты. Ғалымжан Жақияновтың айтуынша, оны еркін қоныс түрмесіне ауыстырғанымен, бұл жерде қатаң тәртіптегі түрменің заңдары қолданылып келеді. Сондай-ақ мақалада Ғалымжан Жақияновқа жергілікті тұрғындармен сөйлесуіне толық еркіндік берілгенімен, бұқаралық ақпарат құралдары немесе халықаралық ұйымдардың өкілдерімен қарым-қатынас жасауға қатаң тиым салынғандығы баяндалыпты.
“Алма Ата инфо” басылымының хабарлауынша, Қазақстандағы №1 саяси тұтқын Ғалымжан Жақиянов мерзімінен бұрын босатылуы керектігіне қарамастан, Әділет Министрлігі оппозиция басшысының әлі бір айыбының өтелмегендігін айтып отыр. Атап айтқанда Ғалымжан Жақияновты мерзімінен бұрын түрмеден босату мәселесін қарауда Әділет Министрлігі тағы бір ай кейінге шегеріпті. Автор өз мақаласында Шідертіге арнайы келген журналистердің тек сенатор Зәуреш Батталова Әділет Министрі Зағипа Бәлиевамен хабарласқаннан кейін ғана Ғалымжан Жақияновпен кездесуге рұқсат берілгендігіне айрықша назар аударыпты. Сондай-ақ мақалада коллония басшылығының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Ғалымжан Жақияновпен кездесуге рұқсат бергенімен, оны суретке немесе бейнетаспаға түсіруге қатаң тиым салынғандығы да айтылыпты.
“Свобода слова” басылымында Ғалымжан Жақияновтың түрмеде отырғанына үш жарым жыл толғандығына байланысты мақалалар топтамасы ұйымдастырылыпты. Атап айтқанда газеттің жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы беттеріндегі мақалалардың бәрі де Ғалымжан Жақияновқа арналыпты. “Ғалымжанның бостандығы үшін” атты айдармен берілген топтамада оппозиция басшысы түрмеге қамалғаннан бергі уақытта осы мәселеге қатысты өз көзқарастарын білдірген халықаралық ұйымдардың ұстанымдары жарияланыпты. Ал, “Свобода слова” басылымында жарық көрген мақаласында Гүлжан Ерғалиева Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың не себептен Ғалымжан Жақияновқа қиянат жасап, оны түрмеге отырғызуға мәжбүр болғандығына байланысты өз ойын білдіріпті. Гүлжан Ерғалиева мұның сырын түсіну үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде Қазақстан басшысы Дінмұхамет Қонаевты қалай қаралағандығына баса назар аудару керектігін айтып, өз ұстазын сатып кеткен адамнан бәрін де күтуге болады деген қорытынды жасапты.
“Жұма таймс/Дата недели” апталығында жарық көрген мақалада “Әділетті Қазақстан” қозғалысы белсенділерінің Ғалымжан Жақияновқа бостандық берілуін талап етіп, Әділет Министрлігінің өкілдерімен кездескендігі баяндалыпты.
“Азат” газетінің соңғы санында “Ғалымжан бостандығы, Қазақстан бостандығы” деген тақырыппен мақалалар топтамасы беріліпті. Осы мәселеге байланысты өз ойын білдірген сенатор Зәуреш Батталова егер Назарбаев Жақияновты бостандыққа шығармаса, абыройына нұқсан келетіндігін ескертіпті. Зәуреш Батталованың айтуынша, Ғалымжан Жақияновқа рахымшылық жасау туралы көптеген өтініштер түскенімен, ресми билік оны қарамай отыр.