Accessibility links

Қырғызстан парламенті депутат ТүАқматбаевтың өлімін тергейтін арнайы комиссия құрады


БІШКЕК. Қырғызстан парламентінің спикері Өмірбек Текебаев кеше Бішкекте наразылық шеруін өткізген халықпен кездесіп, депутат Тынышбек Ақматбаевтың өлімі тиянақты түрде тергеледі деп сөз берді. Тынышбек Ақматбаев - өткен бейсенбі күні қырғыз түрмесіне барған кезінде оққа ұшты. Ол түрмеге өздерінің тұрмыс жағдайын жақсартуды талап еткен тұтқындардың арызы бойынша келген болатын. Наразылыққа шыққандарға Ө.Текебаев осы депутаттың өліміне себеп болған жайттарды тергеу үшін арнайы парламент комиссиясы құрылатынын мәлімдеді. Бұл мәселе парламентте бүгін қаралуға тиіс. Шеруге шыққандар Т.Ақматбаевтың өлімі үшін премьер-министр Ф.Куловты айыптап, оның үкімет басынан кетуіңн талап етті.
XS
SM
MD
LG