"Оксфам" халықаралық қайырымдылық ұйымы Испания, Австрия және ОПЕК мұнай ұйымының мүшелері сияқты бай елдер БҰҰ-ның үндеуіне құлақ аспайды, Пәкістан жер сілкінісінің құрбандарына көмектеспей жатыр деп сын айтты. БҰҰ Пәкістан басқаруындағы Кашмир аймағында 8 қазандағы апаттан соң жүздеген мың адам баспана мен азық түліксіз қалып отыр, апат салдарын жоюға жеткілікті көмек келмей жатыр деген. "Оксфам" ұйымы Испания, Португалия, Греция, Финляндия, Австрия және ОПЕК ұйымының мүшелері құтқару шаруаларына түк ақша берген жоқ деп атады. Көмек көрсетіп жатқандардың алдыңғы қатарында АҚШ, Германия, Жапония, Италия және Франция аталды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы