АҚШ әскерилері жол бомбасын қолданушылардың шабуылының алдын алып, оны болдырмаудың өте қиындығы жөніне хабарлама таратты. Пентагонның өкілі Лауренс Ди Рита көтерілісшілердің адамдар өліміне соқтыратын шабуылдары етек алып барады деген. Қазан айында Ирақта ең кемінде 92 американдық солдат мерт болған. Қуатты жол бомбасы кешегі күні Ирақтың екінші үлкен қаласы Басрада жарылған, онда 20-дай адам қаза тауып, 70 кісі түрлі жарақат алған. Ал бұл аралықта Ирақ президенті Жалал Талабани өзінің көршілес жатқан Сирияға қарсы соғыс қимылдарына қарсы екендігін айтқан. АҚШ-тың әскери ұшақтары кеше Ирақтың Сириямен шекаралас аймағында терроршыларды көздеп соққы берген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы