ЖЕНЕВА. БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Жоғарғы Комиссары Луиза Арбур Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы мамыр айында болған қантөгіске байланысты айыпталып сотталған 15 кісіге уәж айту мүмкіндігін беру керек деп мәлімдеді. Кеше Ташкентте Жоғарғы сот “конституциялық билікті құлатып, Өзбекстанда “Ислам халифатын” орнатпақ болды” деген айып бойынша әлгі 15 күдіктіні 14 және 20 жыл мерзімдерге кесті. Кеше түнде Арбур ханым осы соттың әділ болғанына “үлкен күдік” бар деп атап көрсетті. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де ресми Вашингтонның осындай көзқараста екенін хабарлады. Одан бұрын Еуроодақ Өзбекстанға қару сатуға шектеу қойып, Өзбекстан басшыларының Еуроодаққа аяқ басуына 1 жыл мерзімге тыйым салған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы