Ирақ бас прокуроры Жафар Әл-Мұсауи сотталып жатқан Саддам Хұсейнге еш бір сот қызметкері қол көтерген емес, бұл туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды деді. Ирақ телекомпаниясы кешегі хабарында биліктен тайдырылған диктатор Саддам Хұсейн тергеу барысында екі қасиетті шиит адамына тіл тигізді, бұған шамданған екі сот қызметкері оны бірнеше рет ұрып жіберді деп мәлімет таратқан. Ирақ бас прокуроры Жафар Әл-Мұсауи Саддам Хұсейн шиитердің қасиетті адамдарына тіл тигізіпті дегенде ешқашан естіген емеспін, Саддамға сот үйінде ешкім қол көтерген емес және ешбір сотталушы азаматқа ешкім тисе алмайды, ол мүмкін емес жағдай деп сипаттады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы