ТОКИО. Бүгін Ресей президенті В.Путин Токиода жапон премьері Дзьюничиро Коидзумимен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөзге отыруға тиіс. 2-нші дүниежүзілік соғыстың соңында Совет армиясы басып алған Курил аралдары – екі жақты соғыстың аяқталғаны туралы ресми құжатқа қол қоюға бөгет болып келеді. Экономика саласында В.Путин орыс кәсіпкерлері мен жапон басшыларының форумына қатысатын болса, жапон үкіметі Ресейдің дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдануын ресми түрде қолдауға тиіс. Екі жақ, сондай-ақ, Сібірден Тынық мұхитқа қарай мұнай құбырын тарту мәселесін талқылайды. Ресми Токио мұнай құбырының Қытайға қарай тартылғанын қаламайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы