Accessibility links

Германияның жаңа канцлері Лондонға алғашқы сапарымен келмекші


Кеше Меркел ханым Францияда болған-ды. Еуропа одағы Ата заңының жобасынан ұйым бас тартпауы керек. Бұл жөнінде Германия канцлері Ангела Меркел сәрсенбі күні Брюссельде айтты. Ол жобаны Дания және Франция сайлаушылары биылғы жылдың басында қабылдамай тастаған болатын. Еуропаға Конституция керек. Себебі ол құжат Еуропа одағының шешім қабылдау ісін жаңашаландыра алады, деді Меркел ханым. 2007-ші жылдың алғашқы жартысында Еуропа одағына Германия төрағалық етпекші. Осы кезеңде тоқтап қалған қол қою үдерісін алға жылжытуға күш салынуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG